Түркістан облысында жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты | 08.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРАУСЫЗ БАЛА
Ақтаудағы балабақшада бүлдіршінді өзге балалар ұрып, тырнап, тістеген. Қараусыз қалдырған тәрбиешілер әрекеті бейнежазба арқылы дәлелденді. Енді олар қалай жазаланады?

ІРГЕСІ СӨГІЛГЕН ҮЙ
Қабырғасы сөгіліп, іргетасы шөге бастаған үйде 80-ге жуық отбасы өмір сүріп жатыр. Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы апат алдында тұрған 8 көпқабатты үйдің мәселесі қашан шешіледі?

ЖАРЫҚҚА СЕНІМ ЖОҚ
Атырау іргесіндегі Сарыөзек тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Жергілікті билік жыл сайын уәде береді. Бірақ онысы ешқашан орындалмайды. Ал бір сөніп, бір жанатын тоқ тұрғындардың жүйкесін жұқартқан.

ЖЫЛУ ҚҰНЫ АРЗАНДАЙДЫ
Астана тұрғындары алдағы қыста жылуға қатты шығындалмайтын болды. 1 қыркүйектен бастап жылу арзандайды. Сонымен, тариф қанша теңгеге төмендейді? Сала мамандары жауап береді.

ҰЛЫ АҚЫНҒА АРНАЛАДЫ
Тарихи тұлғаға арналған ең ұзақ марафон. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай спортшылар 180 шақырымға жүгіреді. Жүзден жүйірік шыққан желаяққа темір тұлпар тігілген. Ұлы ақынның өлкесінде өтіп жатқан ұлан асыр тойдан тәбәрік.
———————————————