Түркияда тағы да жер сілкінді. Балыкесир провинциясында қуаты 6,1 балдық дүмпу болды. Эпицентрі – Сындырғы ауданы. Зілзаладан 81 жастағы ақсақал қаза тауып, 29 адам жараланды. Тағы 4 адам қиранды астынан аман-есен құтқарылған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, шамамен жиырма шақты ғимарат қираған. Дүмпу ошағынан 120 шақырым жердегі – Измир, 200 шақырымдағы Ыстамбұл тұрғындары да жер сілкінісін сезген.
Қазір зілзала орнында 300-ден астам құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.