Бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам Ресейден экстрадицияланды

Бала зорлады деп күдікке ілігіп, Ресей асқан қазақстандық елге қайтарылды. Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға осыдан тура бір жыл бұрын Қостанай облысында болған. Жасөспірімнің ата-анасымен достық қатынастағы ер адам оның үйіне-емін еркін барып жүрген. Кәмелетке толмаған бала оңаша қалған кезде, оның жасын және психикалық ауруы барын біле тұра, оған жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Кейін күдікті Қазақстан аумағынан қашып кеткен. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.
———————————————