Шымкентте заңсыз қоқыс көбейді. Олардың кейбірі тіпті ғарыштан да көрінеді. Былтыр спутниктік мониторинг арқылы 25 қоқыс үйіндісі байқалса, биыл бұл екі есе артқан. Әсіресе, жеке тұрғын үйлердің төңірегі, қаланың шеті қалдыққа толып қалған. Тұрғындар, күл-қоқысты көз байланғанда шығарып тастайтын көрінеді. Сондықтан мұндай орындарға бейнебақылау камерасын орнату ұсынылды. Ал аумақтағы тазалықты дұрыс ұйымдастырмаған лауазым иелеріне- айыппұл салынды.
МҰХАМЕДЖАН ТОЙШЫБЕК – ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Нәтижесінде, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандарында қоқыс орындары анықталып, салдарынан әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына айыппұлдар салынды. Қоқыстардың басым бөлігі қаладан тыс жерлерде, белгіленбеген орындарда тасталу деректері орын алуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.