Өскеменде 5-6 көліктің дөңгелегіне жаңа құйылған битум сағызша жабысып қалды. Иелері енді оны ажырата алмай әлек. Оның үстіне, сол сәтте жауған жаңбыр жағдайды ушықтырып жіберген. Жүргізушілердің айтуынша, жол бойында жөндеу жүріп жатқаны туралы ешқандай белгі болмаған. Соның кесірінен асфалттың үстіне құйылған қара май тұтқырланып, көлік дөңгелектері жүруге жарамсыз күйге түскен. Бұл сәтті куәгерлер суретке түсіріп таратты. Бірақ әзірге ешкім полицияға шағымданбаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.