Алматыда өткен Джей Ло концертіне біраз адам кіре алмаған. Оларға билет сатқандар алаяқ болып шықты. Біздің редакциямызға Астанадағы концертте- әншіге үш раушан гүлін силап, көпке танылған Мадияр есімді жігіт сұхбат берді. Ол да алданған. Билетті делдалдан сатып алған екен. Алайда Алматыға барып, концертті алаңсыз тамашалауға тырысқан азаматтың тауы шағылып қайтқан. Енді сеніміне кіріп, көптің алдында жерге қаратқан адамды сотқа бермекші. Өйткені бұған дейін Астанада болған концертке де билетті сол адамнан алған екен. Сондықтан басқаларға да- сол делдалдың қызметін ұсынса керек. Енді еркінен тыс, алаяқпен сыбайлас болып қалғанына қапалы.
МАДИЯР МОЛДАШЕВ – АСТАНА ТҰРҒЫНЫ:
— Концерт басталғанға дейін бізді алдауы мүмкін деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеген. Барлығымыз тамаша көңіл күйде едік, бірақ билеттерді тексеру басталған кезде кейбір билеттердің қайталанып кеткенін, ал кейбіреулері мүлде жалған екенін білдік. Ең қорқыныштысы, тек Қазақстан тұрғындары ғана емес, басқа елдерден келген адамдар да зардап шекті: Ресейден, Қырғызстаннан келгендер бар. Біз Қазақстан азаматымыз, тұрғылықты мекенжайымыз бойынша арыз жаза аламыз. Ал ресейліктер мен қырғыздар не істейді? Олар өз ақшаларын қалай қайтарады?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.