Джей Лоға шегіртке неге жабысты?

Алматыда өткен Джей Ло концертінде ине шаншар жер болмады. Тұрғындар шараға кіру үшін ентелеп, бір-бірін жанши жаздады. Айта кетейік, концертте шырылдауық шегіртке әншінің мойнына жармасып, дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Сахнада алаңсыз ән шырқап тұрған әлемдік жұздыздың кеудесіне қонған жәндік жоғары жылжып, мойнына жармасады. Дәл осы кезде, шегірткенің жыбырын сезген Джей Ло еш тітіркенбестен, күлімдеген күйі қолымен сермеп жібереді. Қазір әлеуметтік желіде көпшілік, дәл осы көріністі қызу талқылап жатыр.
———————————————