«Бала Абайдан – Дана Абайға»: Қарауылтөбедегі ұлы мереке

Хан шыңғыстың бауырындағы қасиетті Қарауылтөбеде Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Арқалы тойға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден мәртебелі меймандар жиналды. Қасиетті мекенге 180 ақшаңқан киіз үй тігіліп, қонақтар сол арада бас қосты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Шара «Бала Абайдан – Дана Абайға» атты театрландырылған қойылыммен басталды. Тарихи туындыда Құнанбай рөлін Әсет Әмірғалиев, ал Абай рөлін Болат Әбдірманов сомдады. Түс ауа тақымы мықты шабандоздар атқа қонды. Бәйгенің 3 түрінен сынға түсіп, кіл жүйрікті анықтады.
———————————————