Молдовада балалар каруселі құлап, жеті бала жарақат алды

Молдованың Костешты ауылында балалар каруселінің қирау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аттракцион құлаған кезде жеті бала жарақат алған. Бесеуі ауруханаға жеткізілгенімен, қазір барлығы үйіне жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, апат карусель қаңқасының сынуынан болған. Куәгерлер оған бір мезгілде тым көп бала мінгенін айтады.
———————————————