Сарыағашта 19 жастағы жігітті өлтірген әскериге сот үкім кесті

Сарыағашта 19 жастағы жігітті аяусыз өлтірген әскериге сот үкім кесті. Астана қаласының әскери соты Жасұлан Әбдіманаптың өмірін қиған ефрейторды 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол «адам өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Еске салайық, қанды оқиға ақпан айында Түркістан облысында болған. Күдіктілер ауылдасын көлікпен қала сыртына алып кетіп, жас жігітті ұрып-соққан. Кейін сотталушы Абдижамилов оған пышақ жарақатын салған. 19 жастағы жігіт қашпақ болғанымен, қуып жеткен қаскөй оған 17 рет пышақ сұққан. Мәйіті екі күннен кейін табылған Жасұланның атына сегіз несие рәсімделген. Айта кетейік, айыпталушы Абдижамилов марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге төлейді. Сондай-ақ сот күдіктінің сыбайласы Ибрагимовты 2 жыл 8 айға, ал қылмысты жасырған Мамаеваны 4 айға бас бостандығынан айырды.
———————————————