Жезқазғанда жантүршігерлік қылмыс болды. Ер адам анасы мен қызын озбырлықпен өлтірген. Марқұмдардың денесін пәтерінен туған ағасы тауып, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Оның айтуынша, үйге келгенде пәтер есігі іштен құлыптаулы болыпты. Есікті қосымша кілтпен ашқан. Пәтерге кірген кезде әпкесінің еденде жатқанын көрген. Мойын тұсында шамамен жеті пышақ жарақаты болған. Марқұм қала әкімдігі аппаратының бухгалтері болып жұмыс істеген. Ал нағашысының денесі жатын бөлмеден табылған. Астанадағы Халықаралық колледжде білім алатын бойжеткен сым темірмен буындырылған.
САЛАМАТОВ АЛМАЗ – ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.