«Бағанашыл» балалар үйі төңірегіндегі даудан кейін үш шенеунік қызметінен босатылды

«Бағанашыл» балалар үйі төңірегіндегі даудан кейін үш шенеунік қызметінен босатылды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков орнынан алынған. Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов те жұмыстан кетті. Ал Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
Еске салайын, 21 шілдеде Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін, Қонаевқа көшіру кезінде шу шықты. Жағдайға Президент араласқаннан кейін, балалар ешқайда көшпейтін болды. Ал мекеме Алматы қаласының қарамағына өтті.
———————————————