2 қыркүйекте ел бойынша 300 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Дәл сол күні 83 жаңа мектеп ашылады. Қазір тағы 232 мектеп салынып жатыр. Ол біткенде 267 мың баланың білім алуына мүмкіндік туады. Бүгін Үкіметте жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды. Премьер-министрдің айтуынша, 9 өңірде 15 мектептің құрылысы баяу жүріп жатыр. Жиында бала қауіпсіздігі, оқушыларды тамақтандыру және студенттерді жатақханамен қамту жайы да қозғалды.
Қазір елімізде 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Биыл қыркүйектен бастап 4 миллионнан астам оқушы білімге ден қояды. Оның 341 мыңы бірінші сыныпқа барса, 232 мың бала 11-сыныпта оқиды. Ел аумағында қазір 232 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Оның 83-і қыркүйекте тапсырылады. Жөндеу-жаңғырту жұмыстары да басты назарда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.