Қазақстанда кредит алу талаптары қатаңдайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыны «жоғары тәуекелді» деп тану өлшемдерін кеңейтті. Енді несие тарихы 3 жылдан аз, бірнеше қаржы ұйымында берешегі бар, төлемі табысының 45 пайызынан асатын немесе кіріс көзі расталмаған азаматтарға несие беру қиындай түседі. Сондай-ақ жоғары тәуекелді топқа жатқандарға банк алдымен, қарызды қайта құрылымдау мүмкіндігін ұсынуы тиіс. Несие берушілер қарызды сот немесе коллектор арқылы өндіріп алмас бұрын, клиенттің жағдайын бағалап, оның уақытша қиындық па, әлде ауыр өмірлік жағдай ма екенін анықтап, соған сай шешім қабылдауы керек. Мұндағы мақсат – шамадан тыс қарыз жүктемесін азайтып, төлем қабілетін бағалау талаптарын күшейту.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.