Шымкентте мектептің бас есепшісі 450 млн-нан астам теңгені жымқырған. Сот әйелді аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша айыптады. Ол ұрланған ақшаға бірнеше автокөлік пен пәтер, жер учаскесін және бағалы қағаздар сатып алған. Әрі осы қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырған. Әйел өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін жеткізді. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.