Руслан Берденовке шабуыл жасаған күні Ернар Жиембай жеңіл масаң күйде болған. Бүгінгі процесте іс құжаттарымен танысқан судья жүргізілген талдау нәтижесін оқыды. Сотта Берденовтің денесінен алынған оқтар мен киімдерінің видеосы көрсетілді. Бүгін, куәлік берген осы қылмыстық іс бойынша тергеуші Рауан Жеңісбектің жауабына қанағаттанбаған қорғаушы тарап оқиға болғаннан кейінгі әкімдіктегі бейнежазбаны қайта көрсетті. Айыпталушының адвокаттары қылмыстық іс-құжаттарындағы кейбір бөліктерді жарамсыз деп тану туралы өтініш хаттарын оқыды. Ал онлайн куәлік берген құрылыс басқармасының басшысы айыпталушының жұмысына қатысты шағым болмағанын айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.