Астананы бет алып, бірақ жарты жолдан Алматыға қайтып оралған ұшақ оқиғасы тексеріліп жатыр. Бұл туралы көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева айтты. Еске салайын, 12 тамызда Air Astana әуе компаниясының рейсінде әуеде ақау шығып, жолаушылардың үрейін ұшырған. Компанияның баспасөз қызметі бұл жағдайды ұшақ қозғалтқышының ауа іріктеу жүйесі істен шыққандықтан, Алматыға қайтып келді деп түсіндірді. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір елде 108 ұшақ жолаушы тасымалдайды. Елдің әуе паркі жыл сайын жаңартылады. Мысалы, биыл алты әуе кемесі жаңадан қосылған, жыл соңына дейін тағы 10 ұшақ алмастырылады деп күтілуде. Аспан көлігімен жүру қаншалықты қауіпсіз?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.