Электросамокатқа мінгескендерге айыппұл төрт есе артты

Электросамокатқа мінгесуге болмайды. Өйткені бұл өмірге қауіпті. Өткен айда екеулеп жүргендерге төрт есе көп айыппұл салынған. Яғни шілдеде құрылғыға мінгесіп жүрген 100-ден астам адам айыппұл арқалаған. Ал маусым айында бұл сан 28 еді. «Ереже бұзатындардың 90 пайызы самокатты дұрыс қоймайды», — дейді тәртіп сақшылары. Өткен айда құрылғыны қалай болса солай қалдырып кеткен 1 400-ден астам адамға әкімшілік жаза қолданылған. Бұл тек көзге түсіп, ұсталғандары. Ал шын ереже бұзушы саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені соңғы кезде көбі самокатты жаяу жүргінші жолында көлденең қалдырып кететінді шығарған. Бұл әсіресе, асығып кетіп бара жатқан адамға кәдімгідей кедергі.

———————————————