Алматы облысында алдағы жылы үш ауысымда бала оқытатын білім ошақтары жойылады. Бұған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы септігін тигізбек. Өңірде биыл 17 «Келешек мектебі» пайдалануға беріледі. Қазір жетеуінің құрылысы толық аяқталды. Қалғаны жыл соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Мұндай білім ошақтарының көбі халқы тығыз қоныстанған Іле, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында шоғырланған. Облыс аумағында былтыр 52 үш ауысымды мектеп болса, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында олардың саны 30-ға дейін қысқарды. Дегенмен, қазірдің өзінде 26 мыңнан астам оқушыға орын тапшы. Алматы облысында жыл сайын 40 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа қабылданады.
ӘСЕЛ ЕРКІНБАЕВА – ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Жалпы осы «Келешек мектептері» бағдарламасы бойынша салынған мектептер ауданымыздағы үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің проблемаларын жойды. Сонымен қатар тасымалдау мәселелері шешілді. Қазіргі таңда үш ауысымды 8 мектептен 2 мектеп қана үш ауысымды болып қалып отыр. Оның өзі алда қолданысқа берілетін 2 мектеп аясында шешілетін болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.