Атыраулық оқушы сабаққа қатыспай-ақ мұғаліммен тілдесетін құрылғы ойлап тапты

Атыраулық жас өнертапқыш оқу процесіне аса қажет жаңа жоба ойлап тапты. Яғни білім алушылар сабаққа келмей мұғалімдерімен тікелей тілдесе алады. Құрылғы смартфон әрі робот арқылы жүзеге асады.
Емханадағы кезек пен оқушылардың сабаққа қатыса алмауы. 11-сынып оқушысы Бекарыс Ерікұлының қанатқақты жобасы дәл осы проблемаларды шешуге ұйытқы болмақ. Дәлірек айтсақ, құрылғы робот, смартфон арқылы жүзеге асады.

БЕКАРЫС ЕРІКҰЛЫ — ЖОБА АВТОРЫ:
— Менің жобам 5 немесе 10 жыл жұмыс істейді. Жалпы қазіргі уақытта сайт тұрғыда жобам бар. Осы сайт немесе осы робот арқылы дәрігер немесе жұмысшы қашықтан жұмысқа кіре алады және өзінің тұтынушыларымен жұмыс істей алады. Және осы жоба арқылы оқушылар мен мұғалімдер тығыз байланыста болып, сабақ бере алады.

Жалпы аймақта робототехникаға қызығатын жастардың қатары көбейіп келеді. Бір қуантарлығы, ұл-қыздардың қиялынан шыққан жоба түрлі халықаралық, республикалық конурстарда үздіктер қатарына енген. Бүгінде жастар 3Д, мобильді қосымша, компьютер бағдарламасы сынды бірнеше жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Бекарыс бұл жобаны одан әрі дамытуды көздеп отыр. Пайдалы, тиімді жобаны іске асыру үшін енді инвестор қажет. Бағдарлама қолдау тапса, жемісін көрсетеді,дейді өнертапқыш.

———————————————