Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовқа 95 жыл!
Ол жазған әндер – бір дәуірдің үні, халықтың жүрегіндегі мәңгілік әуен. «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» секілді туындылары ұлт руханиятының асыл қазынасы. 40 жылдан астам шығармашылық жолында қазақ вальсінің королі 300-ге жуық ән жазды. Шәмшінің музыкасы – сағыныш пен қуаныштың, жастық пен махаббаттың әуені. Оның әрбір нотасында қазақ даласының иісі, жан толғанысы бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.