Қарағанды облысында бетон арқалық теміржол үстіне құлады. Салдарынан 4 адам зардап шегіп, біреуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Қалғандары жеңіл жарақат алған. Ауруханада емделуден бас тартып, үйлеріне жіберілді. Оқиға Саяқ станциясында автокөлік жол өткелін салу кезінде болған. Құрылыс жұмыстарын жеке компания жүргізген. Қазақстан темір жолы компаниясының мәліметінше, бұл жеке мекеме жұмысшылары, ұлттық компанияға олардың қатысы жоқ. Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.