Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨТКЕЛДЕГІ ОҚИҒА
Автомобиль жолы өткелін салу кезінде бетон арқалық теміржолдың үстіне құлады. Салдарынан құрылыс жүргізіп жатқан бір жұмысшы жансақтау бөліміне түсті. Қарағанды облысы аумағында болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ТӘРБИЕШІ ТӘРТІБІ
Тәрбиешілердің тәртібі май шаммен қаралып жатыр. Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған оқиғаға қатысты сот отырысы жалғасты. Онда тәрбиешілер бір бүлдіршінді аяусыз ұрып-соқты деген күдік бар.
ЖАҒАЖАЙДА ЖАЙБАРАҚАТ ЖҮРМЕҢІЗ!
Жағажай жайлы болса – жан тыныш. Алайда соңғы кезде елде демалушылар арасында мертігу, тіпті мерт болу оқиғасы жиіледі. Қайғылы жағдай көбінде суда болады. Алаңсыз шомылып жүрген адамды қайық қағады немесе суға батып, майып болады. Сонда судағы қауіпсіздік мәселесіне мән берілмей ме?
ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
«Озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз. Президент республикалық Тамыз конференциясына қатысып, «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Сонымен қатар жасанды интеллект негіздеріне назар аударк керегін айтты.
ТОБЫЛДЫҢ ҚҰЛПЫНАЙЫ
Тобыл өңірінде де құлпынай өсіріп, пайда табуға болады. Оны қостанайлық шаруа дәлелдеді. Қазір өңірдің өнімі сұранысқа ие болып, шаруа кәсібін кеңейткелі жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.