Астанада Сарайшық көпірінде көлік қаққан екі жұмысшының бірі аман қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланғандай, миы шайқалып, орташа жарақат алған ер адам медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілген. Екінші адам, өкінішке қарай, оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полицияның ақпараты бойынша, Қошқарбаев көшесінен Сарайшықты бет алған «Шкода» автокөлігінің жүргізушісі түнде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын байқамай, жолдағы екі жұмысшыны қағып өткен.
ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.