ШҚО жолдарына жануарлардан қорғайтын темір қоршаулар орнатыла бастады

Шығыс Қазақстандағы автожолдардың жиегіне темір торлы қоршаулар салына бастады. Мақсат – жануарларды қағып кетумен байланысты жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. Себебі жыл басынан бері еркін жайылған малдың кесірінен 11 ірі жол апаты тіркеліп, 15 жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Күршім, Ұлан және Тарбағатай ауданында трассалардың бойында бақылаусыз жүрген жылқы табындары бар. Сол себепті қазір жүктемесі ең жоғары республикалық трассалардың бойына темір торлы қоршаулар орнатылып жатыр. Мұны шаруалар бірауыздан қолдап отыр. Мәселен, былтыр Нұржан Жаңабаев бір отар қойынан айырылып қалыпты. Кейін жол-көлік оқиғасына зардап шеккендерге өтемақы төлеуге мәжбүр қалған.
НҰРЖАН ЖАНАБАЕВ, ШАРУА:
— Малдың жолға шығып кетпеуін өз басым қолдаймын. Қоршау болуы керек.

ЕРКІН ИТЧАНОВ – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
— Қорғаныш торлары орнатылатын учаскелер көпжылдық талдау негізінде анықталды. Бұл – жануарлармен соқтығысу деректері жиі болатын аймақтар мен ауылшаруашылық қожалықтарының маңы.

———————————————