Алматы облысында ұшқыш, модельдеу шебері, авиация мамандары мыңдаған көрерменнің басын қосты. Олар парашютпен секіру үлгісін паш етіп, түрлі маневр жасап, әуе шоуын көрсетті. Ашық аспан астындағы авиациялық техника мұражайы мен балаларға арналған шеберлік сабағы да жасөспірімдерді бей-жай қалдырмады. Айта кетейік, «Байсерке Аспаны» дәл қазіргі кезде Орталық Азия елдері бойынша ұйымдастырылатын жалғыз әуе шоуы.
АЭЛИТА ФЕДОРОВА – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
— Келер жылы шетелдік ұшқыштар келеді. Биыл республикалық деңгейде өтсе, келер жылы халықаралық деңгейге шығамыз деген жоспарымыз бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.