Ақмола облысында болған ұшақ апатынан соң, арнайы комиссия құрылды. Қазір Көлік министрлігіне қарасты оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, апат кеше кешқұрым болған. Жеңіл моторлы ұшақта 42 жастағы пилот пен 43 жастағы жолаушы Диана Ахметова болған. Екеуі де қаза тапты. Әйелдің 3 баласы қалды. Марқұм әуе кемесіне мініп, серуендеп қайтпақ болған. Ол бұл сапарын өзінің туған күніне арнапты.
ЛӘЗЗӘТ ҚАСЫМЖАНОВА, ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша Көліктегі полиция департаменті мен ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабының 3-ші бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталу үстінде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.