Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Берденовтің өзі сөз сөйледі — ол сотқа ауруханадан онлайн қосылды. Осыған дейін айыпталушы екеуінің арасында жанжал болмаған. Алайда Жиембай оған бірнеше рет оқ атқан. Шымкент әкімінің орынбасарының сөзінше, денесінде әлі күнге дейін 61 бытыра бар, бауырын қайта жинауға тура келген, ал өкпенің бір бөлігін алып тастапты. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Олар оған 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал қорғаушы тарап айыпталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды талап етті.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.