Ақмола облысында үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді

Ақмола облысында екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді. «Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді», — деді бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған облыс әкімі Марат Ахметжанов. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір басшысы облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталған. Бұл 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Әкім Президентке әлеуметтік инфрақұрылымдар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жайында да баяндады.

———————————————