Президент Қостанай облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімін қабылдады. Құмар Ақсақалов құны 337 миллиард теңге болатын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын, нәтижесінде 3 мың 400-ден аса жұмыс орны ашылатынын айтты. Маңызды жобалардың қатарында жылына 70 мың автокөлік шығаратын KIA зауыты көп ұзамай іске қосылады. Биыл облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға 102 миллиард теңге бөлінген. 1300 шақырым автожолға, соның ішінде 7 республикалық трассада құрылыс, реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Қостанай облысының әкімі.

———————————————