Бүгін АҚШ астанасы Вашингтонда Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездеседі. Басқосу Астана уақытымен түнгі 00:00-ге жоспарланған. Вашингтон мен Киев өкілдері арасында екіжақты кездесуден соң Ақ үйге Еуропа елдерінің көшбасшылары барады. Олардың бірлескен отырысы түн ортасына белгіленген. Жиында кәрі құрлық саясаткерлері мен Дональд Трамп Украинаға ұсынылатын қауіпсіздік кепілдігі жайлы бір байламға келуді жоспарлар отыр. Ресейдің территориялық талаптары да сөз болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Аляскада өткен жиында Путин Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігіне келісетінін айтып, оның орнына Донбасты Мәскеу бақылауына беруді ұсынған еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.