Оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру жеңілдей түсті. Бұдан былай ата-аналар оны eGov.kz порталы арқылы жүзе асыра алады. Оқу-ағарту министрлігі өкілдері таратқан ақпарға сәйкес, азаматтар тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар. «Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады», — делінген хабарламада.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.