Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
КӨПІРДЕГІ ҚАСІРЕТ
Астанада жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол бойындағы жұмысшыларды қақты. Бір адам қаза тапты, екіншісі ауыр жараланған. Тергеу басталды.
СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Петропавлда толассыз жауын көшелерді көлге айналдырды. Коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
ҚАУІПТІ ҚАҚПА
Ойын алаңы қауіп алаңына айналды. Алаңсыз ойнап жүрген жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлады. Бала қауіпсіздігіне кім жауап береді және бұл мәселе қалай шешіледі?
ОНЛАЙН СОТ
«61 бытыра денемнен әлі алынбады». Қастандық жасалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов сот отырысына онлайн қатысып, айыпталушыға әділ жаза тағайындауды талап етті.
БИІККЕ САМҒАҒАН ӘСКЕР
Бүгін – Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні. Осыған орай Алматы облысында ауқымды әуе шоуы ұйымдастырылды. Көк аспанда қалықтаған ұшақтар көрерменнің таңдайын қақтырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.