Алматы облыстық соты Шерзат Болаттың өліміне қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сегіз сотталушыдан түскен апелляциялық шағымды қарай келе, сот осындай шешім шығарды. Офлайн режимде өткенімен, процесті бейнекамераға түсіруге тыйым салынды. Өйткені кей сотталушының қорғаушысы мен ата-аналары сот залында түсірілім жасауға қарсылық білдірген.
Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болды. Сатып алушы мен дүкен қожайындарының арасында келіспеушілік туындап, оның соңы жасөспірімнің кісі қолынан қаза табуымен аяқталған еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.