Қазақстанда алаяқтардың 1414 ресми нөмірінің атынан әрекет етуі жиілеп кетті. Осылайша, олар азаматтардың жеке дерегіне және телефонына қол жеткізіп отыр. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түсіндіргендей, 1414 — бұл «көшірме» немесе алаяқтар иеленіп алған нөмір емес, бұл SMS-шлюз деп аталады. Ол жүйе мен ұялы байланыс операторы арасында көпір іспетті. Схема былай жұмыс істейді: eGov жүйесі бір реттік кодты қалыптастырады, SMS-шлюз оны байланыс операторына жібереді, ал кейін код азаматтардың телефонына келеді. Осылайша, алаяқтар eGov порталына кіруге тырысады.
Мамандардың айтуынша, 1414-тен SMS тек eGov.kz порталына немесе eGov mobile қосымшасына кіру, мемлекеттік қызмет алу және құжаттарға қол қою үшін келеді. Олар кодты ешқашан бөгде адамға бермеуді ескертеді. Бұл – алаяқтардың сенімге кіру үшін жасайтын психологиялық айласы. Егер күмәнді жағдай туындаса, азаматтар 1414 call-орталығына қоңырау шалуы тиіс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.