Сәтбаевта 2 жасар сәби терезеден секіріп кеткен

Сәтбаевта тағы да терезеден бала құлады. Бұл жолы көпқабатты үйдің жоғары қабатынан екі жасар сәби секіріп кеткен. Абырой болғанда, бала аман. Жыл басынан бері осымен мұндай жетінші оқиға тіркеліп отыр. Осыған байланысты қалада профилактикалық шаралар күшейтілді.
Сәтбаевта үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар сәби құлап кетті. Баланың ата-анасы үйде болғанымен, байқамай қалған. Абырой болғанда, ол аман қалды. Іле-шала дәл осы қалада төрт жасар бүлдіршін терезеден құлаған. Бірінші қабаттан құлағаннан кейін, бала жарақаттаныпты. Екі жағдайда да терезеде тор немесе арнайы құлыптау құрылғылары болмаған.

ЖАНБОЛАТ ЖАҚСЫЛЫКОВ, ТЖ БӨЛІМ ИНЖЕНЕРІ:
— Әдетте құлаудың барлық жағдайына балалар өз бетімен терезеге шығып, тіреуіш ретінде жиһазын, әртүрлі затты қолдана отырып, масаға қарсы торға сүйеніп, терезеден онымен бірге құлап кетеді. Балалардың терезеден құлап кетуінің негізгі себебі – ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы.

Құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін кәсіпкерлердің қолдауымен қаладағы пәтерлерге терезе құлыптарын орната бастады. Бұл бастама Сәтбаев қаласында алғаш рет қолға алынып отыр. Терезеге бекіткіш ең әуелі көпбалалы отбасы тұратын үйлерге қойылды.

Терезе бекіткішін орнатумен қатар, құтқарушылар түсіндіру жұмысын қатар жүргізіп жатыр. Олар әрбір отбасымен тілдесіп, ойын алаңдарына, мектеп және аула-ауланы аралап жүр. Өйткені жазда балалар ересектердің қарауынсыз қалады. Әзірге мұндай көмекті бес отбасы ғана алды, бірақ жобаны кеңейту жоспарланып отыр. Себебі барлық отбасының мұндай құрылғыларды орнатуға мүмкіндігі жоқ. Айта кетейік, жыл басынан бері Ұлытау облысында 12 баланың терезеден құласа, соның жетеуі Сәтбаевта тіркелген.

———————————————