Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділіктен арылып, толық өзін-өзі қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жоспар Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2021 – 2024 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,3 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 14%-ға, мал шаруашылығы – шамамен 6 пайызға артқан. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында да тұрақты өсім байқалып отыр. Егіс көлемі 23,6 млн гектарға дейін ұлғайған. Мал шаруашылығында да өсім бар. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ірі қара саны – 8,8 млн, қой мен ешкі – 21,5 млн, жылқы – 4,6 млн, құс – 47,7 млн басқа жетті. Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында жаңа кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Соңғы үш жылда 17 құс фабрикасы ашылған. Бұл көрсеткішті 2028 жылға дейін тағы 41 кәсіпорын есебінен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.