Қарағандыда облыстық футбол қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтті. Онда жаңа басшы сайланды. Freedom Holding Corp. холдингінің атқарушы директоры Тимур Турлов облыстық футбол федерациясының президенті болды. Компания алдағы төрт жылда өңірге 18,5 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жақын арада құны 12 миллиард теңге болатын заманауи футбол академиясының құрылысы басталады. Жоба аясында 3,5 мың адамға арналған стадион, жыл бойы жұмыс істейтін жабық манеж, жатақхана мен медициналық орталық салынады. Тимур Турлов бұқаралық футболды дамыту және шағын футбол алаңдарын салуды көздейтін стратегиялық бағдарламасын таныстырды. Жаттықтырушылар біліктілікті арттыру курстарынан өте алады, ал үздігі UEFA лицензиясын алуға немесе халықаралық тәжірибеден өтуге грант иеленеді.
ТИМУР ТУРЛОВ – FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Қарағанды облысы – футбол дәстүріне терең, индустриясы дамыған өңір. Облыста футбол дамып, кәсіби спортқа қадам басатын аяқдопшы қатары көбейеді, «Шахтер» клубында ойнауына жол ашылады деп сенемін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.