Оралда фестивальден қайтқан жастар автобуста бүлік шығарды

Оралда автобус ішінде жанжал шықты.
My Fest фестивалінен қайтып келе жатқан автобуста жас жұп жолаушыларға баллоннан газ шашқан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ер адамның алдымен дәлізде тұрған қызға, кейін оқиғаны түсіріп жатқан жігітке газ бүркіген көрінеді. Арты, тіпті, төбелеске ұласқан. Жергілікті полиция өкілдері оқиғаға қатысы бар барлық қатысушыны анықтады. Бірі қамауға алынды.
ӘСЕТ, ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫН:
— Осыдан кейін учаскелік полицейлер, жедел жәрдем келді. Ештеңе анықтамай, бірден жедел жәрдеммен кетіп қалдық. Ересек бола тұра, жасаған әрекеттеріне қарап, айтар сөзім жоқ. Хайуаннан да жаман. Олардың да балалары бар шығар. Автобуста жалғыз мен ғана жапа шеккен жоқпын. Олар бүкіл салонға бұрыш газын шашты. Шу шығарып, төбелеске барды. Біз жедел жәрдем көлігіне мініп кеткен соң пышақ шығарған көрінеді.

———————————————