Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АВТОБУСТАҒЫ ЖАНЖАЛ
Автобус ішіндегі жанжал. Оралда жолаушылар жаға жыртысып, біреуі газ шашып жіберді. Екі адамның беті күйген. Қылмыстық іс қозғалды
ТЕРЕЗЕНІ ЖАБЫҢЫЗ!
Баланы терезеден қалай қорғаймыз? Сәтбаевта 2 жасар бүлдіршін биіктен құлап кетті. Алайда періштесі қағып, аман қалды. Ата-анасы қайда қараған, жалпы бала қауіпсіздігі неге сылбыр?
ҚАРАҚҰРТПЕН КҮРЕС
Ақтөбе қаласында қарақұрт қаптап, тұрғындардың үрейін алды. Қазір мамандар зиянкесті улап жатыр. Алайда ауыл азаматтарына көмектесетін ешкім жоқ. Сұсты жәндік қойны-қонышқа кіре бастаған.
ЕСКІ КӨЛІККЕ ТЫЙЫМ
Темір тұлпарыңыз тозған болса, Алматы көшелерімен жүре алмауыңыз мүмкін. Қазір Еуро-5 стандартына сай келмейтін көліктерді орталыққа енгізбеу мәселесі талқыланып жатыр. Өйткені мегаполистің ауасы ластанып кеткен.
АЛАЯҚ ӘККІЛЕНІП АЛДЫ
Енді кімге сенеміз? Алаяқтар тұрғындарды сан соқтыру үшін 1414 нөмірін пайдалануды әдетке айналдырды. Олар E-gov жүйесін айналып өтіп, ресми нөмірден хабарлама жібереді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.