Қазақстандықтарға жылу үшін төлеген 1,6 млрд теңге қайтарылады

Қазақстандықтарға жылу үшін төлеген 1,6 млрд теңге кері қайтарылады. Мамандар есептеуіш құралы жоқ тұтынушылардың ақшасын қайта есептеп шыққан. Енді артық төленген ақша түбіртекке жеке жазылады. Көрсетілген қаржы келесі жылыту маусымына алдын ала төлем ретінде есептеледі немесе 2025 жылдың соңына дейін қайтарылады.

Бұл туралы табиғи монополияны реттеу жөніндегі комитет өкілдері хабарлады. Ең көп қаражат Қарағанды облысының тұтынушыларына қайтарылмақ. Ондағы сома – 457 млн теңге. Одан кейін тізімде ШҚО тұр. Бұл өңір тұрғындарына 257 млн 200 мың теңге беріледі. Ал Астана азаматтарына 224 млн 500 мың теңге қайтару көзделген.

———————————————