Атырауда дүлей дауыл: бірнеше ғимараттың шатыры ұшты

Бұл – Атырау облысы, Индербор кентінде болған жағдай. Дүлей дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып, көпқабатты пәтер, мектеп, спорт зал мен ойын алаңының тас-талқаны шыққан. Ал Есбол ауылында электр сымдары үзіліп, бағаналар құлаған. Қазір арнайы құрылған комиссия- шығын көлемін есептеп жатыр.
———————————————