Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасаған Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот айыпталушының ішінара кінәсін мойындағанын, кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдетті. Ал қастандық жасап оқ атқанда масаң күйде болғаны дәлелденді. Ернар Жиембай жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Айыпталушы үкіммен келіспеді, ал аппеляцияға шағым түсіру жөнінде әзірге нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізді. Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
ӘБИНҰР ҚАРАБАЕВ – СУДЬЯ:
— Сот үкім етті. Жиембай Ернар Жиембайұлы ҚК 24-бабы 3-бөлігі арқылы 99-баптың 1-бөлігіне қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталған Жиембайдың жәбірленушінің өтемақы қорына 117 960 тг мәжбүрлі төлем өндірілсін.
———————————————