Алматы облысындағы пияз алқапбы төрт есе кеміді

Алматы облысындағы пияз алқапбы төрт есе кеміді. Шеңгелді ауылдық округінде бұрын екі мың гектар жерде пияз өссе, ол биыл 450 гектар жерге ғана егілген. Өйткені жергілікті шаруалар осыдан екі жыл бұрын 11 мың тонна пиязды қоймада шірітіп алып, қып-қызыл шығынға батқан еді. «Оған, ең алдымен, экспорттың азаюы себеп болды. Ресей Қазақстаннан бұрынғыдай үлкен көлемде пияз сатып алмайды. Көрші елде фермерлерге төленетін субсидия үш есеге дейін артқалы ресейлік шаруалар аталған дақылды өздері өсіре бастады», — дейді мамандар. Дегенмен Алатау баурайындағы диқандар қазір әр гектардан 80-85 тоннадан өнім алып жатыр. Оның әр келісін 70-80 теңгеден саудалайды. Олар жоғары өнімділікке егіс алқаптарына тамшылатып суғару технологиясын енгізу арқылы қол жеткізген.
АСҚАР ИБРАИМОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Заманауи технологияны қолданатын шаруалардың жағдайы бір бөлек, қарапайым түрмен суғару жүйесінде қолданатын шаруалардың көбі пияз егуден бас тартып жатыр. Үлкен себеп – суғару суының бағасының қымбаттығы, электр тоғының қымбаттығы. Одан бөлек тауарларды өткізу мәселесі қиындатып тұр.
———————————————