Қажылыққа апаратын компаниялар конкурс арқылы іріктеледі

Қажылыққа апаратын компаниялар енді конкурс арқылы іріктеледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін осындай байқау жариялады. Ол 2026 жылғы маусымға арналған. Үміткер туроператорлар қажылық және ұмра саласында қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болуы үшін бірқатар талапқа сай болуы тиіс. Атап айтқанда, өз мүмкіндіктерін нақтылап, діни басқармаға өтініш хат тапсыруы керек. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сай лицензиясы, салық төлемдерінің расталған құжаттары, қажылық пен ұмра ұйымдастыруда кемінде бес жылдық тәжірибесі болуы шарт. Бұған қоса, сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы талап етіледі. Құжат осы айдың соңына дейін қабылданады.
———————————————