Ақтөбеде суши жеп уланған 8 адам ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 ересек адам мен 2 бала ауруханаға жатқызылды. Тағы екеуі ауруханада жатудан бас тартқан. «Бұл екі күндегі жағдай», — деп мәлімдеді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Уланып қалған бір келіншектің айтуынша, ол тез дайындалатын орыннан тапсырыспен тамақ алып жегеннен кейін ес-түссіз құлапты. Кейін жансақтау бөліміне түскен. Қазір науқастардың жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Өз кезегінде тез тамақтану орны уақытша жұмысын тоқтатты. Полиция тарапынан тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.