2026 жылы МӘМС жүйесінде қосымша бір миллионнан астам адам қамтылады. Оған қол жеткізу үшін әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдардың төлеу тетігі енгізіледі. Жеңілдігі бар санаттағы 11 млн азаматқа мемлекет жарнасының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Осылайша 2030 жылға қарай қаржыландыру көлемін 289 млрд теңгеге дейін ұлғайтпақ. Ал 2027 жылдан бастап мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі мен МӘМС пакеті арасындағы нақты айырмашылықты белгілейтін бірыңғай пакет енгізіледі.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
— Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматқа тегін онкологиялық скринингтер мен ең көп таралған және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша скринингтер қолжетімді болады. Онкологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтауға арналған скринингтердің жаңа түрлері енгізіліп жатыр.Сондай-ақ, мидағы қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін елу жастан асқан ер азаматтарға жаңа скрининг түрі енгізіледі. Әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік болған жағдайда тексерулер де барлығына тегін болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.