Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті. Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Талқылау барысында ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды. Ал мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттеме мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.