75 тышқан, шыбын және саңырауқұлақ салынған зымыран ғарышқа ұшады

4 сағаттан кейін 75 тышқан, шыбын және саңырауқұлақ салынған зымыран ғарышқа ұшады. Бұл аппарат – тірі ағзаларға арналған алып биологиялық зертхана. Тірі ағзалар полярлық орбитадағы жағдайдың әсерін зерттеу үшін жіберілді. Бұл аймақта радиация деңгейі Жерге жақын орбиталарға қарағанда шамамен 30% жоғары. Ғалымдар осы тәжірибе арқылы болашақта адамды алыс ғарыш сапарларына дайындауға, сондай-ақ бейімделу мен ұшудан кейінгі қалпына келу тетіктерін зерттемек. Тышқан, шыбын, саңырауқұлақ салынған капсула 30 тәуліктен кейін Жерге қайтарылады.
СЕРГЕЙ ЧЕРНЫШЕВ, РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Барлығы 29 тәжірибе жасалады. Іс-әрекеті мен ағзаның ерекше ғарыштық жағдайға, орбиталарға қалай әсер ететіні жан-жақты зерттеледі. Сондай-ақ жануар жасушасының, өсімдік жасушасының өзгеруін, тұқым, балдырларды зерттеу тәжірибелері жоспарланған.
———————————————