Үржар ауданындағы жол апатынан қаза болған үш баланы туғандары ақтық сапарға шығарып салды.
Бір үйдің екі қызын Жарма ауданының Жалғызтөбе ауылында жер қойына тапсырса, екі жарым жастағы Нұрәділді Елтай ауылында жерледі.
Қаралы жиынға туған-туыс, ауылдастары және әкімдік өкілдері қатысты. Бірақ дәл осы сәтте анасы кенжесімен қоштаса алмады. Оқыс оқиғадан аман қалған екі баласының қасында – Астанада болды. Олардың жағдайы қалыпты деп бағалағанымен реанимацияда жатыр. Ал туған сіңілілерінен айырылған тағы бір тоғыз жастағы бала аудандық ауруханада жатыр. «Оның жағдайы әзірге еш өзгеріссіз», — дейді дәрігерлер.
МАДИНА НОҒАЙБАЕВА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бас миына трепанация отасы жасалды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бірқалыпты. Жасанды тыныс алу аппаратында. Қазіргі кезде күтуден басқа амал жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.